1.11.2019, 10:19
Қараулар: 84
ҚҰЖАТТАҒЫ СӘЙКЕССІЗДІКТЕР ТҮЗЕТІЛДІ

ҚҰЖАТТАҒЫ СӘЙКЕССІЗДІКТЕР ТҮЗЕТІЛДІ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, цифрланған азаматтық хал актілерін өзектендіру бойынша Жол картасы бүгінгі күні іске асырылуда. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

2015-2016 жылдары облысымыз бойынша 1937 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі акт жазбаларды БҚО Әділет Департаментінің АХАТ бөлімімен сканерлеу жұмыстары жүргізілгенін еске саламыз. Ал 2018 жылдың 1 маусымынан басталған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің АХАТ қызметімен атқарылған акт жазбаларды түзету жұмыстары аудан бойынша толықтай аяқталды.

Қандай да бір мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген кезде, ақпараттық жүйедегі мәліметтермен қағаз жүзіндегі мәліметтерде сәйкессіздік анықталған жағдайда оларға тиісті түзетулер енгізу үшін аудандық халыққа қызмет орталығы арқылы өтінім білдіруге немесе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің АХАТ бөліміне жүгінулеріне болады.

Қазіргі таңда осы қызметті 60 азамат жүгініп, тиісті құжаттары түзетілді.