1.11.2019, 9:54
Қараулар: 272
ЗАҢСЫЗ МАЛ ТАСЫМАЛЫ:  себебі мен салдары талқыланды

ЗАҢСЫЗ МАЛ ТАСЫМАЛЫ:  себебі мен салдары талқыланды

 Аудан  бойынша заңсыз мал тасымалы мәселелерін талқыға салған жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтің төрағалығымен өткен бұл отырысқа тиісті сала басшылары, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкері қатысты.

Шара барысында, тасымалданатын ауыл шаруашылық жануарларына ветеринариялық анықтама беру қызметін бекітілген қызмет көрсету стандарттарына сай жүргізуді ұйымдастыру, соның ішінде қызмет алушыға заң талаптарын түсіндіре отырып, сағат 17:30-дан кейін, сонымен қатар құлақ сырғалары жоқ жануарларға ветеринариялық анықтама берілмеуі қатаң сақтау міндеттелді.

Сонымен қатар құлақ сырғалары түсіп қалған жануарларды біргейлендіру бұйымдарымен уақтылы қамтамасыз ету үшін құлақ сырғаларының ауыстырғыштарын (пустышка) сатып алу, тұрғындарға ақылы түрде қалпына келтіру қызметін ұсыну және қарашадан бастап ауылдық округтерге шығып, тұрғындар мен шаруа қожалықтары  басшыларына заңсыз мал тасымалын болдырмауға бағытталған  іс-шаралар жоспарланды. Оған қоса, ветеринарлық анықтама алу тәртібі туралы кеңінен түсінік беру және заң талаптарының бұзылуы орын алған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын  ескерту жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Мал кесірінен жол апатын болдырмау жұмыстарын  жүзеге асыру мақсатында Сайқын-Бисен,  Бисен-Ұялы, Бисен-Өнеге жолдары маңында орналасқан 26 қыстақ иелеріне жылқы малына жарыққа шағылысатын арнайы ленталар (флиппер) тағу қажеттілігін жеткізу, жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда бағымсыз мал иесінің (әсіресе, түнгі уақытта) әкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылатынын ескерту жұмыстары кезекті жоспарға қойылды.

Мал сою алаңы мәселесі де талқыланды.  Сайқын, Хан ордасы, Мұратсай, Т.Масин, Саралжын ауылдық округтерінде мал сою алаңдарының қызметін жетілдіруде шаруа қожалық жетекшілерін және кәсіпкерлерді   жаңа бизнес бағытына тарту да жоспарға қойылды.

Тұрғындардың жеке мал басының бағымын ұйымдастыру мақсатында Біржан Меңешов мал бағуға ниетті жұмыссыз тұрғындарды іздеп, оларды  грант қаржысымен қамту мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс айтты.