1.11.2019, 9:37
Қараулар: 272
Құтқарушылар құрметіне ­- слет

Құтқарушылар құрметіне ­- слет

Өткен демалыста құтқарушылар күніне орай аудандық төтенше жағдай бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы» слеті өткізілді.

Бөкей ордасы колледжінің студенттері мен М-С. Бабажанов атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушылары өрт сөндірушінің арнайы киімін санаулы секундтар киюден сайысқа түсті.

Слет жалғасын футбол алаңынан тапты.

Шағын футболдан  колледждің екі командасы, № 19 өрт сөндіру бөлімінің және М-С. Бабажанов атындағы орта мектеп оқушыларынан құралған команда аяқдоп шеберліктерін сынға салды.

Сайыс соңында № 19 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері үздік атанса, ІІ және ІІІ орындарды   оқушылары мен студенттер өзара бөлісті.

Құтқарушылар құрметіне өткізілген слет  соңында жасөспірімдер әскери ыссы тамақтан (паек) дәм татып, құтқарушылар өміріне куә болды.

Келесі күні аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов және бір топ сала басшылары аудандық төтенше жағдай бөлімін кәсіби мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ