24.10.2019, 16:32
Қараулар: 311
Аудан картингшілері үздік үштікте  

Аудан картингшілері үздік үштікте  

 Орал  қаласында  өткен  облыстық  жас картингшілер байқауына қатысқан аудандық  балалар техникалық шығармашылығы орталығының командасы үшінші орынды қанжығасына байлады.

Автомобиль ісі және жол ережесі бойынша білімдерін  жетілдіру,  автоқұрастыру негіздерін үйрену, тәжірибе жинақтау мақсатын көздеген  бұл жарысқа орталық мүшелері  Әмірхан Темірболатов, Оралхан Темірханов және Алтынбек Қасымовтар қатысты.   Жас картингшілер  «50 текше см»,   «125 текше см»,  «175 текше см» санаттары  бойынша  жекелей және топтық  өнер көрсетті. Нәтижесінде Әмірхан Темірболатов   «125 текше см» санаты бойынша  екінші орынға табан тіресе, командалық есепте  Бөкей ордасы ауданы  үздік үштікті түйіндеді.

Бақытгүл Сәлімова,

аудандық балалар техникалық

шығармашылығы орталығының қызметкері