24.10.2019, 16:08
Қараулар: 89
ҚҰПИЯСЫ МОЛ СЕЙФ

ҚҰПИЯСЫ МОЛ СЕЙФ

Облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени архитектуралық-этнографиялық  музей қорығында сақталған құнды жәдігердің бірі — ХІХ ғасырдағы қазынашылық үйінің сейфі. Сейф темірден жасалған. Салмағы                1 тонна 800 кг. Биіктігі — 161 см. Ені – 88 см, қабырғасының қалыңдығы –           10 см.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Сейф екі есіктен тұрады, оның қабырғалары мен ішкі есігінің арасы  өрттен  қорғау мақсатында құммен толтырылған. Сыртқы есігінің биіктігі — 126 см, ал құмға толтырылған ішкі есігінің биіктігі – 123 см, қалыңдығы – 8 см. Сейфтің 4 сөресі бар, ең үстіңгі сөресі құлыптанады, оған ақша, қалған 3 сөреге құнды құжаттар мен бағалы әшекей бұйымдар сақталған. Бұл сейфтің бір ерекшелігі — сыртқы есігінің өзі екі құлыптан тұрады, бір құлыптың өзі үш қызмет атқарады. Бірінші құлыпты бұрамай екінші,  яғни (оң жақ) тұтқа бұралмайды, оң жақ тұтқа бұралмай үшінші саңылау ашылмайды, келесі екінші құлыппен сол жақ тұтқа ашылады екен. Бұдан кейін барып бірінші есігі ашылады. Екінші және ішкі есігінің де өзінің арнайы құлыптары бар.

1952 жылы қазынашылық мекемесіндегі сейфті Жәнібек ауданына алып кетке-ді. Тарихи құнды жәдігерді  әртүрлі мекемелер пайдаланған. Кейіннен СПТУ-да тұрған сейфті 2002 жылы музей директоры Темірболат Мақымов көріп, құнды жәдігерді тарихи мекеніне қайтаруды қолға алды. Кейін сейф Жәнібек ауданының әкімі Нәсіпқали Иманғалиұлы ағамыздың көмегімен музейге жеткізілді. Жөндеуден өткен тарихи көне жәдігер 2004 жылы музей қорына алынып, қазіргі таңда қазына үйінің ажырамас бір бөлігі болып тұрған жәйі бар.

 

                                                            Нұрзада ХАМИТОВА,

      облыстық Хан ордасы тарихи-мәдени,  архитектуралық-этнографиялық

музей-қорығы маманы