24.10.2019, 16:00
Қараулар: 97
500 ТАЛ ЕГІЛДІ

500 ТАЛ ЕГІЛДІ

Сәрсенбіде сайқындық жұртшылық «Қару аманаты» саябағында республикалық «Экосағат» акциясы бойынша тал егу жұмыстарын жүзеге асырды. Нақтырақ айтсақ, 500 терек отырғызу жоспарланды.

– Жалпы терек отырғызу жұмысына 256 адам жұмылдырылды. Акцияға  мекеме басшыларынан бастап, ызметкерлеріне дейін қатысты. «Қару аманаты» саябағына қоса аудандық қорғаныс істер бөлімі ғимараты  жанындағы саябағына 60-қа жуық терек отырғызылмақ, -дейді Сайқын ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы Бисен Қадыров.