24.10.2019, 15:30
Қараулар: 90
МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов  ауданымыздың ардақты азаматы, бірқатар лауазымды

қызметтерді абыройлы атқарған Ноқаш Қадымовты қабылдап, 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Аудан мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов   мерейтой иесінің ұстаздық, адами келбетіне тоқталып, мектеп кезіндегі жылы естеліктерімен бөлісті. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, Сайқын ауылының әкімі Мейрамбек Аққалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалив ата, әкелерінің көзін көрген, бала кезден жақсы таныған Ноқаш Қадымұлын қазына кеуде қария, зейнет жасында болса да қоғам өміріне, жастар тәрбиесіне сергек қарайтын белсенді азамат ретінде танып, құрмет тұтатындарын айтты.

Аудандық сот төрағасы Гүлжиһан Сағитова:

– Ноқаш  ағамыз зейнеткерлік статусына қарамастан аудандық сот жүйесінде медиатор ретінде ақысыз еңбек етуде. Ағамыздың бұл қызметі біз үшін өте недәуір көмек. Аға буынның өмірлік тәжірибесі отбасылық дау, азаматтар арасындағы келіспеушіліктерді мәмілемен шешуде аса маңызды. Бүгінгі мерейтой иесі осы көмегі үшін үлкен алғыс айтамыз, -деп «Заң» газетінің біржылдық жазылым түбіртегін сыйға тарту етті.

Өз кезегінде мерейтой иесі айтулы күнде қуанышын бөлісіп, арнайы қабылдаған аудан әкімі бастаған аудан азаматтарына алғысын білдірді.