9.10.2019, 17:22
Қараулар: 905
ЖЕЛӨКПЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖӨНГЕ ШАҚЫРАР ЖАН БАР МА?

ЖЕЛӨКПЕ ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ЖӨНГЕ ШАҚЫРАР ЖАН БАР МА?

Ауыл тұрғындарынан Оралға қатынайтын такси жүргізушілері өзара жарысады деп жиі еститінмін. Жуырда соған өзім куә болдым. Бұл жағдай өткен аптада қаладан ауылға қайтар жолда болды. Жаңақаладан шыға бере шопыр жігіт жылдамдықты үдете түсті. Жол болса шоқалақ. Қатенің қайдан дерің бар ма?! «Тасып жүргенің адам  баласы, жүк тиеп келе жатқан жоқсың.  Жаймен жүрсеңші» деп ескерткен болатынмын.  Бұл сөзіме көлік шопыры Алтынбек Жауынбаев «Тыныш отыр берекетті алмай! ұнамаса келесіде мінбеңіз маған» деп айқайлап тастады. Сөйтсем, ол тап өзі сияқты адам тасымалдап жүрген Қуаныш Өтешқалиевпен аламанға түсіп келеді екен. Абырой болғанда көліктің дөңгелегі жарылып, қалыс қалды. Олай болмағанда  ауылға  тірі жетеміз бе, жоқ па бір Аллаға аян.

Масқара ғой. Ойлап қарасаңыз, олар біздің өмірімізге жауапты. Ал Алтынбек  болса, өзге түгіл өз өміріне де алаңдамайтындай. Орта жолда қалармын деп шыбын жанымды орамалыма түйіп діттеген жерге жеттік-ау әйтеуір. Айтпағым, шопырлардан ұят та, жауапкершілік те кеткендей ма?! Осыларға бір шектеу болады ма?

Жұлдыз ӘБДІРЕШЕВА,

Сайқын ауылы тұрғыны