9.10.2019, 17:12
Қараулар: 448
«САЯЖАННЫҢ» ДАСТАРХАНЫ БЕРЕКЕЛІ

«САЯЖАННЫҢ» ДАСТАРХАНЫ БЕРЕКЕЛІ

Ауылдасымыз Перизат Дәулетова «Бастау бизнес» курсынан өтіп, арнайы сертификат алған еді. Кәсіпкерліктің әліппесін меңгерген Перизатымыз өз ісін қолға алып, шайханасын ашты.

«Саяжан» атын иеленген шайханамыз көптің көңілінен шығып тұр. Перизат ұсынған дәмді пісірме,  жастар сұранысына ие  пицца, өзіміздің  бәліш пен манты, қуырдақ та күнделікті ас мәзірінен түскен емес. Бағасы қалтасына салмақ салмайтын Дәулетованың дастарханы  келушілердің  талғамына татып тұр.  Жаңашылылдыққа демеу болар отағасы Жеңіс те кәсіптің алға басуына өзіндік септігін  тигізіп жүргенін айта кеткен артық  болмас.

«Алтын деген – жер сыйы, алғыс  деген – ел сыйы» дейді  дана халқымыз. Ендеше жаңа бағытты бағындырудағы әр ісің оңға баса берсін дейміз біз Перизатқа.

Гүлфарам ЗАКАРИНА,

Ұялы ауылы