27.09.2019, 17:28
Қараулар: 969
АНШЛАГПЕН ӨТКЕН РЕТРО-КОНЦЕРТ

АНШЛАГПЕН ӨТКЕН РЕТРО-КОНЦЕРТ

Мұратсай ауылының мәдениет үйінде ауыл көркемөнерпаздары «Сағындырған әндер-ай» атты ретро-концерт ұсынды. Кеш «Мұратсай толқыны» вокалды инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтуімен әсерлі болды.

Кеште көгілдір экран мен радиода ұмыт бола бастаған, бірақ халықтың жадында әсем әуені мен тәтті сөздері жатталған «Достарым», «Арыс жағасында», «Бала махаббат», «Есіңе мені алғайсың» сындыәндер шырқалды.

Ауылдық мәдениет үйінің көрермен залына лық тола жиналған көрермен ауыл көркемөнерпаздарына ыстық ықылас танытып, риза болып тарқасты.

Өз тілшіміз