27.09.2019, 17:21
Қараулар: 836
ФЕСТИВАЛЬДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ФЕСТИВАЛЬДЕН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 

Халықаралық туризм күніне орай Орал қаласында білім саласы қызметкерлері арасында облыстық XXII «Европа-Азия» туристік фестивалі өтті.

 

Он алты команда қатысқан аламан бәйгеден бөкейліктер жақсы нәтижемен оралды. Нақтырақ айтсақ, «Техникалық» қашықтықта (Б тобы бойынша), яғни берілген уақытта туристік кедергілерден тездетіп өтуде біздің орталық қызметкерлері жүлделі I орынды иеленсе, бір күнге созылған «Кросс жорықтың» тапсырмаларын орындағанда да  әріптестерім жүлделі үштіктен табылды. «Бұқаралық ақпарат құралдарында туристік мақалалар» жариялау байқауында III орынды алсақ, бард әндерін орындаушылар байқауында біздің туристер I орынды жеңіп алды.

 

Айшагүл ЕРҒАЛИЕВА,

әдіскер

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар