18.09.2019, 17:41
Қараулар: 896
ҰСТАЗДАР ФУТБОЛ ОЙНАП, СТРИТБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ

ҰСТАЗДАР ФУТБОЛ ОЙНАП, СТРИТБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ

 

Қыркүйектің 14-інде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдер арасында спартакиада  өтті.

Шараға тоғыз орта мектеп, балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығынан, аудандық білім беру бөлімінен барлығы 130 спортшы қатысты. Қыздар командасы волейболдан, ұлдар командасы футболдан, екі ұл, бір қыздан құралған командалар стритболдан сынға түсті.

Нәтижесінде футболдан М.Мәметова атындағы мектеп І орынды,  Жәңгір хан мектебі ІІ орын, А.Құсайынов атындағы мектеп ІІІ орын иеленді. Стритболда да М.Мәметова атындағы және Жәңгір хан мектептер І,ІІ орынды бөліссе, Ш.Жексенбаев атындағы мектеп ІІІ орыннан көрінді.

Волейболдан да М.Мәметова атындағы мектептің қыздары І орынды еш талассыз иеленсе, Қ.Сағырбаев атындағы мектеп пен Ш.Жексенбаев атындағы мектеп ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Жалпы командылық есеп бойынша І орын М.Мәметова атындағы мектепке бұйырса, ІІ орынды М-С.Бабажанов атындағы, ІІІ орын Ш.Жексенбаев атындағы мектеп  иленді.

Манарбек АЛТАЯҚОВ,

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар