18.09.2019, 17:14
Қараулар: 820
ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ: СЕҢ ҚОЗҒАЛДЫ

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ: СЕҢ ҚОЗҒАЛДЫ

rbt

«Шалғай аудандарға қатынайтын жол мәселесі Елбасы назарына алынды» деп БАҚ сүйінші сұрап жазған еді. Құлақ естігенімен, көз көрмей, «әй, қайдам» деушілер де молынан болды.  Енді облыс орталығына қатынайтын жол мәселесіне қан жүгіріп, сең қозғалды деуге толық негіз бар. Жол құрылысының алғышарттары қолға алынды. Зауыт көшіріліп, құрылыс материалдарын тасымалдау күн тәртібіне қойылды. Бұл туралы сала мамандарының ауыл ақсақалдарымен кездесуінде айтылды.

Сайқын ауылының «Думан» тойханасында «АқЖолқұрылыс» ЖШС уәкілдері садақа берді. Ауыл ақсақалдары мен аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов бастаған жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

– Садақа берудегі мақсатымыз тек Аллаға разылығымызды білдіру емес, біріншіден ауыл ақсақалдарымен және жұмыс бабымен жүздесетін мекеме қызметкерлерімен, ауылдың ішкі өмірімен жақын танысу боп отыр,-деді «Өнеге-Бисен-Сайқын» 50-103 шақырым автожолының жоба жетекшісі Оңғар Ибадуллаев.

Ауыл ақсақалдары баталарын беріп ризашылығын білдірсе, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев жұмыс барысында қандай қиындық кездессе де шешілу жолын бірге қарасатынын жеткізді.

–  Ұзындығы 53 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу 22 айға жоспарлануда. Атап айтқанда, Сайқын ауылдық округі маңынан өндірістік базаға 4га және құрылыс материалдар қоймасына 1га жер телімі алынып, құрылысты бастау жоспарлануда. Биылғы жылы біздің жоспарымыз өндірістік базамызға қыс бойы құрылыс материалдарын жинау және асфальтобетон зауытын құру, яғни күн жылынғаннан бастап, құрылысқа кірісу.

Жалпы тасжол жобасына тоқталсақ, жол 3,5 метрден екі жолақты, ені 7 метр, екі жағынан 2,5 метрден жолжаға салынады. Жоба бойынша екі демалыс алаңшасы, Сайқыннан шыға берісте және Орда мен Мұратсай елді-мекендеріне бұрылатын қиылыстарда автобус аялдамалары салынады. Күрделі жұмыс басталысымен Сайқын және де іргелес елді мекендерден жергілікті тұрғандарын жұмысқа аламыз. Дегенмен казіргі күнде нақты қанша адам жұмысқа алынатыны белгісіз. Жалпы жол салу басталысымен кем дегенде 150 адамға жұмыс орны қарастырылса, соның 30% -ын дейін жергілікті тұрғындарынан алсақ деген ойымыз бар,- деді Оңғар Ибадуллаев.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар