11.09.2019, 15:53
Қараулар: 1048
КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

 

Аудандық  орталықтандырылған кітапханада  аудандық  демалыс  орталығының  қызметкерлері қатысуымен мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың   Қазақстан  халқына «Сындарлы қоғамдық  диалог –Қазақстанның  тұрақтылығы мен  өркендеуінің  негізі» атты Жолдауындағы  ең өзекті  мәселелерін тақырып еткен дөңгелек үстел отырысы  өтті. Жолдауында  еліміздегі маңызды деген саяси, әлеуметтік  және экономикалық  міндеттер көрсетілген.

Аудандық  мемлекеттік  мұрағаттың  басшысы Қуаныш  Елемесов  мен   «Заман  талабына   сай  мемлекет»  атты  І, ІІ бөліміне тоқталып өз ойын нақты түсіндіріп талқылады. Сондай -ақ  жолдауда айтылған  экономиканы  жаңғырту,  халықтың әлеуметтік жағдайын  күшейту, азаматтардың  қауіпсіздігін  қорғау, шағын, орта  бизнесті қолдау, жемқорлықпен күрес, экологиялық  мәселелер т.б. атап көрсетілді. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім  беру сапасын  жақсарту, «Дипломмен – ауылға»  бағдарламасы,  ұстаздар  жалақысын 25%-ға көтеру, аз қамтылған және  көпбалалы  отбасыларды қолдау, Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасы жасау т.б  мәселелер көптің көңілінен шықты деп сенемін.

Келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға  толы бұл жөнінде  дайындық жұмыстары  басталыпта жатыр.  Келер жылы Әл-Фарабидің  1150 жылдығын, А.Құнанбаевтың  175 жылдық  мерейтойларын,  Тәуелсіздіктің 30  жылдығына байланысты іс-шаралар өту керектігі тапсырылған.  Сонымен қатар  мәдениетіміз бен   табиғатымызға  туристер назар аудару  жұмыстары, Алтын Орданың 750 жылдығын  өткізудің мән-маңызы айтылды.  Елбасының 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялау азаматтық қоғам құрудағы басым бағыттардың бірі деп білемін. Ел бесігі ауылға қатысты да көңіл қуантарлық іс-шаралар қолға алынбақшы. Осы тұрғыда Кемелұлының алғашқы жолдауы қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Сенім ұялатты.

Лаура МЫРЗАГЕРЕЕВА,                                                                                        аудандық орталықтандырылған  кітапхана                                                                                балалармен жұмыс ұйымдастыру  әдіскері.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар