11.09.2019, 14:42
Қараулар: 827
ДИКТАНТ ЖАЗЫП, ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДИКТАНТ ЖАЗЫП, ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Еліміз бойынша «2019 jyl – Jastar jyly» тақырыбында өткен жалпықазақстандық ашық диктант жазу күнінен біздің аудан да тыс қалмады. Аудан бойынша 1009 адам қатысып, латын графикасын қаншалықты меңгергендерін сынға салды. Аудандық мекемелер мен ауылдық округтер қызметкерлері, жоғары сынып оқушылары, мектеп ұстаздары қазақ тілі әліпбиінен латын графикасына көшуге қаншалықты дайын екендіктерін тағы бір мәрте сынап көрді.
– Жалпы латын графикасында диктантты бірінші рет жазуым. Қазақ тіліндегі «н», «ң» әріптері мен «ұ», «ү», «у» сынды әріптердің орындарын алмастырып алған жерлерім болды. Латын графикасы смартфонда күнделікті қолданыста бар. Сондықтан жақсылап дайындалса, қазақ тілін латын графикасымен алмастырып жазу еш қиындық тудырмайды деген ойдамын. Келесі диктантта бүгінгі жіберген қателерімді қайталамауға тырысамын,-дейді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің іс жүргізуші маманы Олеся Бисенғалиева.
Әділет ӘБДІРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар