11.09.2019, 14:30
Қараулар: 1394
БӨКЕЙЛІК ШЕБЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ САТЫЛДЫ

БӨКЕЙЛІК ШЕБЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ САТЫЛДЫ

«Ақжайық этноауылы» ұлттық мәдени кешенінде өткен аудан күнінде жұртшылық назарына ұсынылған бөкейлік шеберлердің туындылары жоғары бағаланды, еш саудасыз ұсынылған бағасына сатып алушылар да көп болды.
– Ауданымыз жабдықтаған киіз үй, көрмеміз әсемдігімен, мазмұндылығымен көпшілік көңілінен шықты деген ойдамын. Осы жауапты шараны абыроймен атқаруымызға атсалысқан үлкен-кішінің бәріне алғысымыз шексіз. Ақ жаулықты анамыз Бақытжамал Еркеғалиева ұсынған құрақ көрпе, ою-өрнекпен көмкерілген жабын, жастық тыстары киіз үйіміздің көркін келтірсе, орталық тәрбиеленушілерінің қолөнерлері көрмемізді байытты. Жас таланттарымыздың шемішкеден жасалған туындылары, мата, тері, түрлі материалдан жасаған жұмыстары жоғары бағаланып, ру тұмарлары, шежірелер сұранысқа ие екенін көрсетті. қолөнердің осы туындыларын сатып алушылар көп болды,-дейді аудандық мектептен тыс тәрбие орталығының басшысы Әлібек Айтқалиев.
Хан ордалық фотосурет өнерінің хас шебері Мират Қоржынбаевтың Бөкей табиғатын, құм ғажабы бейнеленген суреттері, ұлттық киім тігудің шын шебері, бесаспап Назымгүл Оразгелдиеваның ұлттық нақыштағы киімдерін сатып алғандар да баршылық.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар