5.09.2019, 16:57
Қараулар: 1108
САРАЛЖЫНДЫҚ ҚОС ҰСТАЗ САЙТ АШТЫ

САРАЛЖЫНДЫҚ ҚОС ҰСТАЗ САЙТ АШТЫ

 

Саралжындық жігіттер ағылшын, орыс тілдерін үйренуге көмектесетін өз сайттарын іске қосты. Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің ұстазы Мирхат Ахтаров пен информатика пәнінің ұстазы Тілекжан Бегишанов бұл жобаны іске қосуға үш ай уақыт жұмсаған екен.

Қос ұстаз ойлап тапқан www.eneasy.kz сайты үш деңгейден тұрады. Бірінші деңгей үш тілде сөздік жаттап, өзінің қаншалықты дайындығын тест тапсырмалары арқылы тексеруге мүмкіндік береді. Екінші деңгейге күнделікті өмірде екі адам арасында орындалатын диалогтық мәтіндер енгізілген. Үшінші деңгей белгілі шетелдік орындаушылардың әндерін кавер нұсқасында орындауға мүмкіндік алады. Тіпті осы сайттан сол әннің ағылшын тіліндегі нұсқасы мен орысша аудармасын оқи аласыз.

– Сайттың қолданылуы өте қарапайым. Сондықтан кез-келген адам қай жерде болмасын оны қолдана береді. Тағы бір ерекшелігі егер қолданушы қазақша білмейтін болса, сайт тілін орысшаға аударып алуына болады. Ағылшын тіліне қоса орыс тілін қатар үйрететін сайттың курстарына қатысу үшін бір айға  төрт мың теңге ғана төлейсіз. Қазіргі дамыған заманда қай салада болмасын еңбек ету үшін үш тілді жетік білу маңызды. Ал, соны меңгеруде бұл сайт таптырмайтын құрал, -дейді жоба авторларының бірі Тілекжан Бегишанов.

Сайт жұмысы жаңа оқу жылынан, яғни, қыркүйектің 2-сінен басталды. Жаңашыл қос ұстаздың жобасына сәттілік тілейміз.

Әділет ӘБДІРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар