5.09.2019, 16:54
Қараулар: 899
СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы қолға алынған болатын. Осы жоба бойынша жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жастар қысқа оу курсынан өтіп, бизеес әліппесінен мәлімет алды, жеке кәсіпті жүргізудің қыр-сырын меңгерді. Аталған жоба аясында курсқа қатысуға ниет білдірген қыз-жігіттер кәсіпкерлік негіздерін үйреніп қана қоймай,  505  теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алудың жаңа мүмкіндігіне ие болды. Бүгін кәсіп жүргізудің қыр-сыры мен заңдылықтарын меңгеріп шыққан 40 жасқа  бизнес курсын тәмамдағаны жөнінде сертификаттары салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы  аудандық филиалының басшысы Бибігүл Жұмағұловалар сөз алып, игі тілектерін білдірді. Өз кәсібін бастап, аудан емес, тұтас елімізге танылған жас кәсіпкері Саян Баетов мазмұнды әңгімесі, шынайы болмысымен аудиторияны баурап алғаны ерекше атап өткен жөн. Сертификатқа ие болып, өз кәсібін бастауды қолға алған жастар атынан Тілекжан Самиғоллин жақсы мүмкіндіктер үшін алғысын білдірді.

Арайлым МАРАТҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар