4.09.2019, 12:52
Қараулар: 1371
ЖОЛ ЖӨНДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов және «QazAvtoJol» ҰК» БҚО филиалының басшысы Еркебұлан Жұманов аудан әкімі Нұрлан Рахымжановпен кездесіп, Сайқын-Бисен-Өнеге ауылдарының үстінен өтетін республикалық деңгейдегі жолды жөндеу мәселелерін талқылады.

Бұл кездесуге жөндеу нысанына жауапты «Ақжолқұрылыс», «АТЫРАУ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-інің уәкілдері қатысты.

Іскерлік кездесу барысында жөндеу жұмыстарына қажетті шикізаттың теміржол арқылы тасымалданатыны және бұл тасымалдау түрі «QazAvtoJol» ҰК» және ЖШС уәкілдеріне тиімділігі талқыланды. Аудан әкімі мен «QazAvtoJol» ҰК» және ЖШС-і уәкілдері Сайқын ауылындағы теміржол тұйығын аралап өтті. Теміржол тұйығын қарап, күн тәртібіне қоюда үлкен мән бар. Жол құрылысының материалдарын теміржолмен тасымалдауды делдалсыз жеткізу материалдық тұрғыдан аса үнемді. Тасымал мәселесін делдалсыз, басшылықпен тікелей келісім арқылы ұйымдастыра алсақ, миллиардтаған ақшаны үнемдей алар едік дейді сала мамандары.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар