3.09.2019, 18:35
Қараулар: 1096
ИТАЛЬЯНДЫҚ ПРУСПЕН КҮРЕС

ИТАЛЬЯНДЫҚ ПРУСПЕН КҮРЕС

 

Аудан әкімінің  орынбасары Біржан Меңешевтің төрағалығымен  үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының қорытындысына арналған штаб отырысы өтіп, оған  ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша аумақтық  инспекциясының  басшысы Лавр Хайретдинов қатысты.

Шекара дегенді білмейтін, көшпелі үйірлі шегіртке – жергілікті шаруалар еңбегінің қас жауы. Жыл сайын  бұл зиянкестердің, әсіресе, біздің ауданды әбден «жерсінген»  итальяндық прус аталып кеткен шегіртке тұқымын жою үшін тиісті шаралар атқарылып келеді. Биылдың өзінде ауданымыз бойынша алты мың гектар жер аумағы  химиялық өңдеуден өткізілген.

– Улау жұмыстары маусым айының екісінен басталғанымен тиісті агрегаттардың газқондырғысы істен шығуына байланысты біраз кедері туындады. Алайда, аудандық жедел штабтың мұрындық болуымен облыстан «ЗапКазФумигация» ЖС ГАЗ -66  автокөлігі жөнелтіліп, өңдеу шаралары жалғасын тапты. Ал, Бисен ауылдық округінде  3280 га жерге улау шараларын   «Магтоксин» ЖШС жүргізді,- деді аудандық аумақтық инспекция басшысы Бауыржан Оразов.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің БҚО бойынша Бөкей ордасы аудандық филиалының басшысы  Жасқайрат Дәуленов те маусым бойына атқарылған  мониторингтік жұмыстардың нәтижесін баяндап берді.  Өз кезегінде БҚО бойынша аумақтық инспекция басшысы Лавр Хайретдинов зиянкестерге қарсы тұру, онымен күрес жолдары, үйірлі шегірткелердің белең алып кетпеуін қадағалау секілді мәселер күн тәртібінен түспек емес дегенді тілге тиек етті.

Сондай-ақ, келер жылы үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Орда ауылдық округінің аумағынан  жоспарланса, үйірсіз шегірткелермен күресте Сайқын ауылы аумағынан 450 га жер химиялық өңдеуден өткізілмекші деп атап өтті инспекция мамандары.

 Арайлым Есмағұл

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар