27.08.2019, 16:42
Қараулар: 1246
«АТАУЛЫ КӨМЕК – ӘЛЖУАЗ ТОПҚА ҮЛКЕН ДЕМЕУ»

«АТАУЛЫ КӨМЕК – ӘЛЖУАЗ ТОПҚА ҮЛКЕН ДЕМЕУ»

Бибігүл Бақтығалиева, Мұратсай ауылының тұрғыны:

– Үш балам бар, жолдасымда тұрақты жұмыс жоқ. «Елде болса, ерінге тиеді» деп тапқанымызды талғажу қылып, барға қанағат деп отырған жанбыз. Сәуірдегі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өсіріп, әр отбасындағы баланың жағдайын басты назарға алғанына аса қуаныштымыз. Керекті құжаттарды жинап, ауыл әкімдігіне тапсырдық. Атаулы әлеуметтік көмек қаржысын алдық. Қаржыны алсымен Елтай Биарыстановтан бес қой, бір ешкі сатып алдық. Ұсақ мал болса да, тегіннен тегін кім берген? Бұрын қаңырап тұрған қорамызға мал бітті, өзімізге ермек болды. Атаулы көмек дегенің – әлжуаз топтағы адамдардың аяқтан тұруына едәуір көмек. Бұрын тапқан-таянғанымыз ас-суымыздан, күнделікті қажеттіліктен артылмаса, енді алдағы күндерімізге жоспар құра бастадық.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар