27.08.2019, 16:27
Қараулар: 1092
«ҚОЙЛЫ БОЛСАМ, ҚОР БОЛМАСПЫН ДЕЙМІН…»

«ҚОЙЛЫ БОЛСАМ, ҚОР БОЛМАСПЫН ДЕЙМІН…»

Нұрлан Оразғалиев:

– Жалпы мен үшін биылғы жыл жақсы басталды. Жыл басынан бастап аудандық электр торабында монтер боп жұмыс жасаймын. Екі қызым бар. жұбайым бала күтімімен үйде отыр. Жалақым күнделікті нан-суыма, ұсақ-түйек қажеттіліктерден артылмайтын еді. Мемлекет басшысының сәуірдегі көп балалы, аз қамтылған отбасыларға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін арттыру туралы жаңалығы көпшіліктің көңілінен шықты. Сәуірдің ең тәуір жаңалығы да осы болған шығар. Атаулы көмекті алып отырмын.  Қомақты қаржыны алғаннан кейін еш ойланбастан, мал алып тастадық.  Жеті қой, бір ешкі алдық. Қой малы жақсы ғой. Мал басын көбейтемін деген адам қой мен ешкі өсіреді ғой. Ет сағынғанда да, ұятты қонағың келсе де, қораңда қойың болса, қысылмайсың ғой. Қойлы болсаң, қор болмаспын деп, қой алып отырмын. Бұйырғанын көреміз ғой.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар