21.08.2019, 9:20
Қараулар: 1148
«ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ» СЫЙЛЫҚ ТАРТУДА

«ОРДА ЖҰЛДЫЗЫ» СЫЙЛЫҚ ТАРТУДА

Уәде еткеніміздей, «Орда жұлдызы» екінші жартыжылдыққа жазылушылар арасында ұйымдастырылған ұтыс жүлдегерлеріне сыйлықтарын тарту етуде.

ІІ жартыжылдықтың тоқсаныншы жазылушы боп аудандық саз мектебінің білікті маманы, талапты шәкірттерінің талантын ұштап, биіктерден көрсетіп үлгерген сайқындық Саида Әжіғалиева танылды.

Редакцияның байырғы қызметкері Ағира Әбдірова тоқсаныншы жазылушыға сыйлық табыстап, оқырманымыздың келер жылдың біржылдық түбіртегіне ие болғанын айтып өтті.

ІІ жартыжылдықтың алғашқы және тұрақты ардагер жазылушылары мен ең жас абонент атанған оқырмандарымыз Света Хасенова, Сатыбалды Ерғалиев пен Арман Қаһарманды да сыйлықтары күтуде.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар