20.08.2019, 15:37
Қараулар: 1016
ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыс бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша комиссия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен бірқатар сала басшылары қатысты.

Онда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков биылғы тамыздың бескүндігінде қатты жел салдарынан орын алған төтенше жағдайды жою барысы мен табиғат апаты келтірген шығын жайында баяндама жасады. Сонымен қатар 2019-2020 жылдардың күзгі-қысқы маусымына дайындық барысы пысықталды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев аудандардағы мал азығын дайындау жұмыстары қандай деңгейде орындалып жатқанын сұрап,  ертең қыс түсіп, қар қалың жауғанда шалғай аудандардың амалы таусылып, республикалық, облыстық маңызға ие жолдардың қары тазаланбай, қыстақ, елді-мекендерге қатынас болмай қалуына жол бермеуді қатаң тапсырды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар