20.08.2019, 15:27
Қараулар: 1412
СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан орталығында спортшылар күніне орай аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов аудан спортшыларын қабылдап, алғыс хат табыстады. Салтанатты жиында аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев аудандағы бұқаралық спорт жайын сөз етті. Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дмитрий Семилиди спорт мектебінің шәкірттерінің жеткен жеңістері мен жаттықтырушылар туралы баяндама жасады. Спортшылар арасында спортты дамыту жайында сөз қозғалып, М.С.Бабажанов мектебінің дене шынықтыру пәнінің ұстазы Алмабек Жанғалиев өзі жаттықтырып жүрген жас баскетболшыларды облыстық деңгейдегі шараларға қатысуына көлік мәселесі кедергі болатынын айтты. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов мәселенің шешімін табуға өзі араласатынын сөз етті. Ал, М.Мәметова атындағы мектеп директоры Асылхан Аманғалиев мектеп оқушыларына споттық формалар жеткіліксіз екенін жеткізді.

Шара соңында ортаға салынған пікірлер талқыланып, шешілу жолдары қарастырылды. Ауданның бірқатар спортшылары марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Әділет ӘБДІРОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар