20.08.2019, 11:47
Қараулар: 1418
«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛІП, КЕРЕМЕТ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛҒАН ЖИЫН БОЛДЫ»

«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛІП, КЕРЕМЕТ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛҒАН ЖИЫН БОЛДЫ»

Динара СҰЛТАНҒАЛИЕВА, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛІП, КЕРЕМЕТ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛҒАН ЖИЫН БОЛДЫ»

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен тамыз конференциясы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен екі мыңнан астам мұғалім келген. Солардың ішінде мен де болдым. Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту және дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Соның ішінде педагог кадрлардың құрамы мен кәсібилігі, білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар ретінде мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтылған Президенттің тапсырмасы өте орынды болды.  «Педагог мәртебесі» туралы заңның қолданысқа енгізілу мерзімі бекітілді. Бұл – біз асыға күткен құжат.   Сонымен қатар, білім беру жүйесін цифрландыру,  заманауи ғылым және оны дамыту жолдары төңірегінде министрлік бірқатар міндетті айқындады. Өз басым әдістемелік меңгеруші ретінде Республикалық тамыз кеңесінде көтерілген барлық ұсыныстарға толықтай қолдай отырып, білім саласына оң өзгерістер әкелетініне сенемін.

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар