20.08.2019, 11:33
Қараулар: 233
«ЕЛ БАСШЫСЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПТАРЛЫҚ»

«ЕЛ БАСШЫСЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПТАРЛЫҚ»

Жұбан ҒҰМАРОВ, аудандық білім беру бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы:

«ЕЛ БАСШЫСЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПТАРЛЫҚ»

Елордада өткен республикалық тамыз кеңесінде көптеген түйткілді мәселе талқыланды. Өңіріміздегі өкілдермен бірге ол жиынға мен де қатыстым.

Білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді жүйелі шешудің жолдары көрсетіліп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған түйткілдердің түйінін тарқататын тапсырмалар берді. Соның ішінде педагог кадрлардың құрамы мен кәсібилігі, білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар ретінде мұғалімдердің біліктілігіне қатысты айтылған Президенттің тапсырмасы өте орынды болды.

Ал үштілділікке қатысты ойға келсем, Қасым-Жомарт  Кемел­ұлы өте орынды айтты. Кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көші­руде мектептің, мұғалімнің дайындығы, оқушылардың қалауы ескерілуі тиіс. Себебі барлық білім ошақтары мен педагогтар оған дайын емес. Пән мұғалімдері түгілі, ағылшын тілін төрт жыл оқып келген мамандардың өзіне биология мен химияның терминдері оңай тимейді, сондықтан оған біртіндеп көшкен жөн. Елбасы айтқандай, қазақ тілі бірінші болуы керек.

Конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемел­ұлының, білім министрі Аймағамбетовтың  білім саласына қатысты ұсыныстарын толықтай қолдаймын.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар