20.08.2019, 11:28
Қараулар: 901
«АНА ТІЛГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫ ҚУАНТТЫ»

«АНА ТІЛГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫ ҚУАНТТЫ»

Аманбек ӨТЕШЕВ, Ұялы ауылының тұрғыны ата – ана:

«АНА ТІЛГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫ ҚУАНТТЫ»

Тамыздың 16-сында алғаш рет мемлекет басшысының қатысуымен дәстүрлі Тамыз конференциясы өткен. Президет Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен білім саласында біршама өзгеріс болатынына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі мектеп бағдарламасы өте ауыр. Заман талабына сай бірінші сыныпқа баратын балалар әріптерді буынға бөліп, оқи алуы керек. Әйтпесе, олардың қатарластарына ілесуі қиындайды. Ал, осындайда балаларға ағылшын тілін оқыту қаншалықты қажет? Бұл мәселені бұған дейін халық қалаулылары да, ата-аналар да көтерді.  Елордада өткен тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы ағылшын тілін ата-аналардың қалауымен 5-сыныптан бастап оқытудың тиімді екенін айтып, бізді қуантып тастады. Президент: «Үш тілді жүйеге көшу, оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндіктеріне қарай оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асырылуы тиіс»- деді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деген болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасының осы сөзін негізге ала отырып,  ағылшын тілін оқытуды 2-3-сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай бесінші сыныптан бастау орынды әрі тиімді екенін айтып өтті.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар