20.08.2019, 11:26
Қараулар: 879
«КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН СЕЗІНДІК»

«КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН СЕЗІНДІК»

Ізбасарова Камшат Жумахметована, М.Мәметова атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

«КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН СЕЗІНДІК»

Мұғалімдер қауымы асыға күтетін тамыз кеңесі де болып өтті.Бұл жиында ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар қауымына деген қамқорлығы анық байқалды.

Президент білім саласындағы негізгі міндеттерді нақ қойды.Ашық пікірін айтып, өз ұсынысын жеткізді. Үштілділікке қатысты, ″біздің қазақ тіліміз, үш тілдің бірі емес, ана тіліміз екендігін,  қазақ тілі әр уақытта жоғары тұратынын″ айтты. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бастамасы, мұғалімдердің дайындығы, ата-аналардың келісімі арқылы ескерлуі керек дегені көңілге қонымды.

Жиында ұстаздардың еңбекақысын көтеру мәселесін қозғауы – Президенттің білім саласына деген айрықша қолдауы. Төрт жыл ішінде педагогтардың  екі есеге дейін ұлғайту тапсырмасын естідік. Меніңше, осындай қолдауды сезінген ұстаздар әрдайым білім сапасына, оқу жетістігіне  басты назарға алып, белсенді жұмыс жасаулары  керек. Себебі, бүгінгі қоғам бәсекеге қабілеттілікті қажет етеді.

Жалпы білім беру мәселелері жан-жақты сөз болды.Ұсыныстардың барлығын ескере келе, әрбір мектеп басшысы, ұстаздар алда тұрған міндеттерді уақтылы, әрі нәтижелі орындау үшін бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Жиынннан түйген ойдың бір парасы осы ғана.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар