15.08.2019, 11:10
Қараулар: 1014
ҰЯЛЫЛЫҚТАРДЫҢ ӘУЕНДІ КЕШІ

ҰЯЛЫЛЫҚТАРДЫҢ ӘУЕНДІ КЕШІ

 

Аудан орталығындағы «Күйшілер аллеясы» саябағында Ұялы ауылының өнерпаздары «Ауылым – әнім» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Ауыл әкімі Бақытжан Оразғұлов өзі сахна төрінен табылды. Оркестр құрамында баяннан саз төгілткен әкімді жұртшылық жаңа қырынан таныды. Отбасылық ансамбль,  «Ақ кимешек» әжелер тобының өнерлері көпті тәнті етті. Алмагүл Бегишанова, Сексенбай Уталиевтердің жекелей орындаулары да сәтті шықты. Шағын ансамбльдің орындауында «Балбырауын» күйі кеш көрермендерін бір серпілтіп тастады. Кеш соңында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ұялылықтарға алғысын айтып, өнерімен сүйсінткен кеш иелерін бастап келген ауылдық округ әкіміне алғыс хат пен естелік сыйлығын ұсынды.

P/S: Өнердің бар жанрын қамтыған ұялылық өнерпаздардың керемет концертінің көрермені аз болғаны көңіл қынжылтты. Жақсыны көрмекке деген. Сенбі сайын ұйымдастырылып жатқан ауыл концерттеріне көрермен болуды ұмытпайық.

 

Әділет ӘБДІРОВ

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар