15.08.2019, 10:29
Қараулар: 906
ЖӘРМЕҢКЕНІҢ АТЫ БАР ДА, ЗАТЫ ЖОҚ

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ АТЫ БАР ДА, ЗАТЫ ЖОҚ

 

Өткен сенбіде орталық базарда ет жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы «Сайқын ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Береке» орталық базарында ет жәрмеңкесі өтті. Онда ауылдық округтің шаруа қожалығы өзінің ет өнімдерін ауыл тұрғындарына төмен бағамен ұсынды. Қой етінің бағасы 1300 теңге, сиыр еті 1400 теңге». Бұл аудан әкімдігінің фейсбуктағы парақшасында жарияланған мәлімет.
Сайқын тұрғыны Нұрлыбек Жұмағалиев бір сиыр, екі қой етін саттыққа шығарды.
– Бұлай өткен жәрмеңкені бірінші рет көруім. Жәрмеңкеде баға төмен болуы шарт. Ал, мұндағы әлгі ватсаптағы «Сайқын 24/7» чатында күнде айтылатын баға. Бұлай көзбояушылық жасағанша неге осыны дұрыстап қолға алмасқа? Төрт-бес қожалықты шақырып алып, «бірің жылқы етін, бірің сиыр, бірің қой сойып әкеліңдер. Сиыр етіне баға мынадай, қойға мынадай деп кесіп айтса, қай қожалықтың болмасын қолынан келетін шаруа ғой». Біздің билік шаруа қожалықтарына осылай талап қоя алмайтын секілді. Әйтпесе, үкіметтен миллиондап субсидия алып отырған қожалық жетекшілерінің бір сиыр етінің келісін мың теңгеге сатқаннан шаруасы ақсаңдап қалмайтыны белгілі. Біз жәй айтамыз да қоямыз. Бірақ, бір әттеген-айы айтылған сөзден нәтиже көрмей келеміз. Келесі жәрмеңкеде осыны ескерсе дейміз,-дейді ауыл тұрғыны Таңат Әбдіров.
«Айта жағың айтылса, жақ талдырып нең ба?» демекші, ағамыз көптің ойын айтты. Ақиқаты сол. Еттің үзілмегені болмаса, бағаның қымбаттығы «бүйткен жәрмеңкең құрсын» дегізгендей.
Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар