2.08.2019, 18:09
Қараулар: 1197
«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»

 

Күйшілер аллеясында өткен Мұратсай ауылдық округінің көркемөнерпаздарының концерті дәл осылай аталды.

«Ұлағат» атты ақ жаулықты әжелер тобы «Ауылым» әнімен кеш шымылдығын ашса, мұратсайлық сері жігіттер кеш көрігін өз өнерлерімен қыздыра түсті.

Концертке қатысқан жас бүлдіршіндеріміздің шығармашылығы көңіл қуантты.

Шара барысында «Тұмар» би тобы қазақ, испан, үнді билерін көрерменге ұсынса, жас жұлдыз Баянсұлу «Әсем ән» әнімен овация иегері болды десек артық болмас.

Концертіміздің соңында, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева сөз алып, барша мұратсайлыққа ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің атынан алғысхат пен сыйлық тарту етті.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар