2.08.2019, 18:01
Қараулар: 1398
АРМАН ЖОЛЫНДАҒЫ БАҒДАРЫМ

АРМАН ЖОЛЫНДАҒЫ БАҒДАРЫМ

 

Журналист – қиындығы мен қызығы қатар жүретін  мамандық. Қоғам жаңалығының  жаршысы да сарапшысы да осы мамандық иесі емес пе?! Журналист болу арманым.  Д.Нұржігіт, Н.Аралбайұлы сынды аға — əпкелерімізді үлгі тұтамын. Ол  кісілердің  сөз  саптауы,  өзін сахнада  еркін ұстауы мені әрқашан тәнті қылады. Осындай ел аузында жүрген аға-апаларыма ұқсасам деймін.

Нартай Аралбайұлы өзіміздің жерлесіміз. Ақ Бөрліден шыққан нар тұлғамыз. «Қазақстан Ұлттық телеарнасының»  белді де беделді тележүргізушісі. Қазіргі таңда «Шаңырақ» және «Мәселе» атты бағдарламалардың тізгінін ұстап жүр. Осындай елдің қамын ойлаған, сөзге шебер, шындығы мен шырайы қалыптасқан, білгір журналисттің киелі Нарын топырығынан шыққанына  шын ниетімізбен қуаныштымыз. Ауылдағы ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз көгілдір экраннан Нартай ағамызды көргенде «Әй, бұл біздің бала» деп бір қуанып қалады. Нартай ағамыздың балалық шағына келетін болсақ, жастайынан зерек, шыбын жаны шындық деп шырылдап тұратын шынайы да шыншыл жан болған. Қазірге кезде Нартай аға білім алған алтын ұя мектепте біз білім алып жатырмыз. Көптеген ұстазымыз Нартай ағамыздың балалық шағы туралы жиі айтып отырады. Ағамыздың ізін жалғағысы келетін үздік де үлгілі оқушылар көп. Сонымен қатар Нартай ағамыздың балалық шағынан бастап, осы күнге дейін жеткен жетістіктері мектеміздін өлкетану музейінде төрінде сақталып тұр. Біз ұлт жүгін арқалаған, әрқашанда ақ сөйлеп, әділін айтатын  ағамызбен мақтана отырып, оны ҚР Президентіңің БАҚ саласындағы иленген грантымен шын жүректен құттықтаймыз.

Осындай алдыға қарап бой түзерге жарар, ел мақтанына айналған айтулыларымыз көп болсын.

Дана АТЫРАУ,

М.Бегалиева мектебінің оқушысы,

Т.Масин ауылдық округі

Редакцияға хат

Басқа да мақалалар