2.08.2019, 16:28
Қараулар: 437
Кәсіпкер болам десең, мүмкіндік бар

Кәсіпкер болам десең, мүмкіндік бар

 

Бөкей орда ауданынында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберіндегі, жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасының кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мерзімі басталуына арналған шара өтті.

Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов және БҚО кәсіпкерлік палатасының  Бөкей ордасы ауданы филиалының директоры Бибігүл Жұмағулова қатысып тек игі лебіздерімен шектелмей, кәсіпкерлікке алғашқы қадамын жасай отырған жастарға өсиет және өмір тәжірибесімен бөлісті.

«Жас кәсіпкер» жобасына қоса «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, 2018 жылдың бағдарламасына қатысып, өз идеясын іске асырып, мемлекеттік грант иегері және жеңілдетілген несие алып, өз ісін дөңгелетіп отырған Талшын Кекенова мен Айгүл Бекқалиева аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың атынан алғысхатпен марапатталды.

Бір жас кәсіпкерге оқу мерзімі енді басталып жатса, екінші біреуі 505 мың грант иегері атанып отыр. Шара барысында «Отбасы Бизнес» жобасының қатысушыларына сертификат табысталды.

– Ауданымызда жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру шеңберінде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, оларды кәсіпкерлікке үйрету, жаңа бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант пен кредиттерді алуға жәрдемдесу мақсатында, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Отбасы Бизнес» жобасы іске қосылды.  Бұл өз ісін ашуға ниет білдірген аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін үлкен көмек болады. Осылайша олар мұқтаждар санатынан өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтардың мәртебесіне ауысады. Яғни, мемлекет оларға қолдау көрсетіп қана қоймай, ашқан кәсіптері арқылы өздеріне, отбасыларына, көмектеседі.

«Отбасы Бизнес» жобасы аясында ауданымызға аз қамтылған көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 17 млн. теңге бөлініп отыр. Қазіргі танда бес көп балалы аз қамтылған отбасылар және 29 жасқа дейінгі  жастар, 200 айлық есептік көрсеткіш есебінде 505 000 теңге грант иеленіп отыр,- дейді жұмыспен қамту орталығының маманы Медет Әнесов.

Ауылдық жер болғасын «Отбасы Бизнес» жобасының грант иегерлері мал шаруашылық немесе сүт өнімдерін өңдейміз деп жатса, орталарында ерекшелінгендері де бар. Мысалы, Аманболат Әйтенов көлік салонын химиялық тазалауымен айналысам дейді.

– Өз жеке бизнесімді жүзеге асыру жолдарын көп ойладым. Көлік салонын химиялық тазалау ойы маған қалада жұмыс жасап жүргенде келген. Ол кезде біреудін қарамағында осы салада жұмыс жасап жүр едім. Жалпы химиялық жолмен тазалау қаншалықты пайдалы екеніне көзім жеткесін жерде осы ойымды іске асыруға тырыстым. Әрине, тек химиялық тазалаумен шектелмей, көлік жуу жұмыстарымен айналыссам деген ойым бар. Ендігі мәселе орналасу орнында болып тұр. Бірақ бұл шешілімді мәселе деген ойдамын,-деді жас кәсіпкер.

Бөкей орда ауданы

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар