2.08.2019, 16:14
Қараулар: 626
 АНАҒА ҚҰРМЕТ

 АНАҒА ҚҰРМЕТ

Аудан әкімінің орынбасарлары Лариса Қайырғалиева мен Біржан Меңешев және Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиев бастаған мекеме, қоғамдық бірлестік басшылары ауылымыздың ардақты тұрғыны Мерует Құспанованың шаңырағына арнайы барып, ақ жаулықты анамызды сексен жас мерейтойымен құттықтады.  

– Сіз алғашқы еңбек жолыңызды туған жеріңізде бастап, қасиетті Орда өңірінде қызмет атқарған жылдары еңбекқорлығыңызды және қызметке жауапкершілігіңізді айқын көрсете білген білікті, үлгілі медицина саласының маманы ретінде танылдыңыз. Осынау мерейлі жастың белесінде балаларыңыздың, немере-жиендеріңіздің қызығын көріп жүре беріңіз. Деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын, — деген  тілекпен Біржан Меңешев аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың атынан құттықтау хат пен заттай сыйлығын табыстады.

Меруерт анамыз қонақтарына ризашылығын білдіріп, дастарханға шақырды.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар