2.08.2019, 15:58
Қараулар: 107
АРТЫЛҒАН СЕНІМ АҚТАЛСА ИГІ

АРТЫЛҒАН СЕНІМ АҚТАЛСА ИГІ

 

«Zhas project» жобасының жеңімпазы Бақытгүл Қонақбаева «Ер Төстік» бөбекжайында жобаның талаптарында көрсетілгендей тиесілі отбасылардың балаларына көңілді мерекелік шара ұйымдастырды. Бұл шарада кішкентай бүлдіршіндермен бірге түрлі бой сергіту жаттығулар орындалып, ертегі кейіпкерлері балалармен асыр салып, би биледі. 

  • Жоба бойынша берілер қаржының алғашқы 495 мыңға жасанды көбік, түтін жасайтын құрылғылар мен биіктігі екі метрге жуық түрлі аңдардың киімдерін сатып алдық. «Happy Day» — бұл біздің жобаның аты. Топта менен басқа Салтанат Қойшекенова мен Наурызбек Сапанов бар. Алдағы күндерде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға туған күн, үйлену тойы сынды атаулы күндерін есте қалатындай қызықты етіп өткізулеріне алты ай тегін көмектесетін боламыз. Одан соң қолжетімді бағамен жұмысымызды жалғастырамыз, -дейді Бақытгүл.

Бөбекжайда өткізілген шараның ұйымдастырушылық жағынан осал тұстары болса да, алдағы уақытта жіберілген олқылықтар түзетілетініне сенім мол.

Әділет ӘБДІРОВ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар