26.07.2019, 15:50
Қараулар: 1164
Президент алғысына ие болғандар

Президент алғысына ие болғандар

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді танытқан қоғамдық штаб мүшелеріне алғыс хат тарту етілді.

Кезектен тыс сайлау үшін арнайы құрылған аудандық қоғамдық штабының құрамына  жиырма адам кірсе, соның тең жартысы, атап айтқанда  Ерболат Таңатов, Нұргүл Омарова, Бибігүл Жұмағұлова, Жұлдыз Салимова, Исатай Құрмашев, Эльмира Менеева, Әйгерім Жұмағұлова, Нағим Тәжімұратов, Асыл Бақыт, Ардақ Алиевалар ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғысхатына ие болды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков те:

– Маусымда өткен сайлау барысында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқан үшін, үгіт материалдарын таратып, кездесу жұмыстарына қатысып және жалпы қолдан келген көмектеріңіз үшін аудандық қоғамдық штаб басшысы ретінде сізге деген алғысым шексіз,-деп штаб мүшелерінің жұмысына ризашылығын білдірді.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ

 

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар