5.04.2019, 12:41
Қараулар: 604
«ҰЛТТЫҚ КИІМ – АСЫЛ МҰРА»

«ҰЛТТЫҚ КИІМ – АСЫЛ МҰРА»

Хан Ордасы ауылдық мәдениет үйінде «Ұлттық киім – асыл мұра» атты іс-шара өтті. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Туған жер» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Өнегелік құндылықтар» базалық жобасы бойынша өткізілген бұл шара атадан мұра болған ұлттық киімдерді кеңінен насихаттады.

Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше, өзіндік қасиетке толы. Адамның киім киісіне қарап жас шамасын, қоғамдағы беделін, отбасылық жағдайын білуге болатын. Бүгінгі таңда қазақтың ұлттық киімін жаңғырту мақсатында кимнің күнделікті және кешкі сән үлгілерін ұлттық колоритті қосып ұлттық нақышта тігіп кию үрдісі жанданып келеді. Осы орайда шара барысында мәдениет үйінің сахнасында қазақтың ұлттық киімінің шапан, камзол, бешпент, орамал, қалпақ, бөрік, мәсі сияқты киімдердің қазіргі қолданыстағы түрлері мен Хан Ордасы ауылындағы «Нәзік» тігін шеберханасында тігілген ұлттық нақыштағы заманауи және киізден басылған киімдер үлгісінің шеруі салтанат құрды.  Наурыз мерекесіне арналған концерттік нөмірлер шара шырайын айшықтай  түсті. Сондай-ақ, алдын-ала жарияланған конкурс бойынша Наурыз мерекесіне үздік ұлттық киім киіп келген отбасы, жас қыз, келіншек, әжелер де аталып, сыйлықтар табыс етілді.

         Назымгүл ОРАЗГЕЛДИЕВА,

облыстық тарихи-мәдени,

архитектуралық-этнографиялық

музей-қорығы директорының орынбасары,

штаттан тыс тілші