28.03.2019, 17:23
Қараулар: 98
«КІТАП – ӨЛМЕС ҚҰНДЫЛЫҚ»

«КІТАП – ӨЛМЕС ҚҰНДЫЛЫҚ»

Жақында мектеп жасындағы жастар «Кітап – өлмес құндылық» атты акциясы атсалысып, кітапханадағы ескірген, жыртылған, бүлінген кітаптарды қалпына келтірді. Ғаламтордан қандай да мәліметті таба алсаң да, кітаптың орны бөлек. Ол сарғайған парақтарында көпке рухани азық болар дүниені сақтайды. Кітапхана қызметкері Орынгүл Маралованың айтуынша, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханада өткен акция барысында Сансызбай Сарғасқаевтың «Қайсар қыз», Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Балғабек Қадырбекұлының «Ақпа құлақ» және басқа да көркем шығармалар қалпына келтіріліпті. Кейінгі толқынға кітаптың қасиетін ұғындырған акция жалғаса бермек.

Р.АППАҚОВА