28.03.2019, 17:15
Қараулар: 848
ПРОБАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КЕҢЕС БЕРДІ

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КЕҢЕС БЕРДІ

Аудандық пробация қызметінің қызметкерлері М-С.Бабажанов және М.Мәметова атындағы орта мектептердің 10, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер тәртібі, құқықбұзушылық орын алған жағдайдағы жаза мен жауапкершілік, жаза салдары туралы нақты мысалдармен айтылып, түсінік берілді. Қылмыстың үлкен-кішісі болмайтыны, жазасыз қалмайтыны туралы түсіндірілді. Бір ғана құқықбұзушылықтың тұтас бір тағдырды бұзатыны айтылды.

– Соттылығы туралы анықтама көп іске тосқауыл болады. Әр жас ақырын жүріп, анық басу керек. Мысалы үшін айтайын, ауылдас ағамыз сотты болды, жоғары оқу орнын бітірген баласы жақсы бір органға жұмысқа тұрайын десе, әкесінің істі болғаны кедергі келтіріп тұр. Бұл, әрине, өкінішті жайт, -деді пробациялық қызмет аға инспекторы, әділет капитаны Жайдар Искаков.  Орган қызметкерлері мектеп түлектерін әскери міндетті орындауға,  Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсуге шақырды.

Ильдар ШАРАФУТДИНОВ,

аудандық пробация қызметі инспекторы

әділет кіші лейтенанты