28.03.2019, 16:54
Қараулар: 1075
«ТҰЛПАРЫҢЫЗ» АЙЫПТҰРАҚҚА ҚАМАЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

«ТҰЛПАРЫҢЫЗ» АЙЫПТҰРАҚҚА ҚАМАЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Көлік құралдарына 2018 жылдың 31 желтоқсан айына дейінгі уақыт ішінде көлік салығын төлемеген тұрғындарға ескерту жасау мақсатында Бөкей ордасы аудандық кірістер басқармасының бөлім басшысы Талғат Алишев және бас маманы Айдана Самигуллина аудандық полиция бөлімінің  инспекторы Нұрбол Еспенов, жеке сот орындаушы Бекболат Менжановтың қатысуымен рейдтік шара жүргізді.

Рейд барысында көліктер тоқтатылып, салық төленген-төленбегені жөнінде тексерілді және берешектері бар жеке тұлғаларға хабарлама үйлестіріліп, 30 күнтізбелік күн ішінде салық төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда салықтық бұйрық шығарылып, жеке сот орындаушыға жолданатынын және автокөлігінің айыппұл тұрағына қойылатындығы туралы хабардар етілді. Сонымен қатар берешектері бар тұлғалардың банктік операцияларды (несие рәсімдеу, есепшот немесе төлем карталарын аштыру) жүргізу құқығы шектеліп, сырт елдерге шығарылмайды.

Рейд нәтижелі болды, 1450,0 мың теңге берешек өндірілді.

Әділет ӘБДІРОВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар