28.03.2019, 16:47
Қараулар: 1023
«АҚЖАЙЫҚ — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» – АУДАНДА

«АҚЖАЙЫҚ — АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» – АУДАНДА

«Ақжайық — адалдық алаңы» жобасының аудан бойынша жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Наурыздың 20-сы күні  топ мүшелері  Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханада болды. Жұмыс тобы медицина мекемесінің қызметін алушы тұлғалармен кездесіп, қал-жағдайларын біліп, науқастардың пікірлерін сұрады. Аурухананың қызмет көрсету сапасын науқастар көзімен сараптап, ем алушыларға ұсынылатын ас мәзірімен танысты. Ақ халаттылардың жағдайы назардан тыс қалмады. Жалақыларының уақтылы берілуі, қосымша жүктемелердің болмауы, тегін берілетін дәрі-дәрмектер қоры, бақылаушы кеңес қызметтері, арыз-шағым кітапшалары, саll орталықтар мен пандустардың болуы, т.б. бағыттар бойынша әңгімелесу, бақылау жұмыстарын жүргізіп, олқылықтарды тексерді.

Тексеріс барысында мүгедек тұлғалардың пандус арқылы ауруханаға кіретін есіктің қоңырауының жұмыс жасамайтындығы анықталып, мекеме басшысына ескерту беріліп, қалпына келтіру тапсырылды.

Ұлпан ЖАКИНА