28.03.2019, 16:41
Қараулар: 870
НЕ КӨРМЕГЕН БҰЛ НАРЫН?!.

НЕ КӨРМЕГЕН БҰЛ НАРЫН?!.

Нарында тек қазақ халқы емес, өзге де мемлекеттер хандық құрған, біздің заманымызға дейін скиф-сарматтар, аландар, біздің заманымызда Иран, түркі тілдес, ғұн, авар, оғыз, хазар тайпалары мекен еткен, моңғол, ноғай, қазақ хандықтары құрылып, кейіннен қалмақтар иелік еткен. Еділ мен Жайық аралығын қалмақтардан азат ету жолында ерлік істерімен тарихта қалған Кіші жүз хандарының бірі Нұралы болатын. Қазақтардың ата қонысын қайтару жолында шабуылдарына төтеп бере алмаған қалмақтар 1771 жылы Үбіші ханның бастамасымен Қытайға үдере көшті.