28.03.2019, 16:32
Қараулар: 525
ТАРАЗЫДА ҚОС ТАҒДЫР: жүктілік бейқамдықты көтермейді

ТАРАЗЫДА ҚОС ТАҒДЫР: жүктілік бейқамдықты көтермейді

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, тәуелсіздік алған жылдардан бері ана өлімі 84%-ға төмендеген. 1990 жылдан бері 100 жаңа туған балаға шаққандағы көрсеткіш 75,8-ден 12,7-ге азайып, жыл сайын 3,4%-ға төмендеп отырған. Қазіргі таңдағы медицинаның дамыған уақытында жүктілік кезеңінде туындайтын қауіп-қатердің алдын алу мүмкін болса да, әлемде күн сайын 830 жүкті әйел көз жұмады екен.