26.03.2019, 9:50
Қараулар: 837
ЛАТЫНША ҮЙРЕНУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

ЛАТЫНША ҮЙРЕНУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ

 

Елбасының «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Цифрлы әліппе» интерактивті-ақпараттық жүйесі дайындалды.

«Цифрлы әліппе» электронды интерактивті-ақпараттық жүйесінің мақсаты – латын графикасындағы жаңа әліпбиді онлайн оқыту, латын графикасына негізделген ұлттық әліпби арқылы мәтіндерді таңбалау дағдыларын қашықтан меңгерту, қазақ тілінің жаңа жазуын оқыту, алған білімдерін интерактивті жаттығулар арқылы пысықтау.

Мекеме қызметкерлері осы жүйе арқылы дербес компьютерлері және мекемедегі корпоративті жүйені қолданып, латын графикасындағы жаңа қазақ тілі әліпбиін қашықта отырып-ақ меңгеру мүмкіндігіне ие. Тыңдаушылар жұмыс орнында отырып, өздеріне ыңғайлы уақытта өздіктерінен қазақ тілінің жаңа жазуын оқып үйреніп, интерактивті жаттығулар арқылы алған білімдерін пысықтай алады.

«Цифрлы әліппе» жүйесінің құрылымы: латын графикасына көшу бойынша әдістемелік дерекқордан, латын графикасындағы жаңа қазақ тілі әліпбиін оқыту бойынша онлайн режимдегі курстан, әртүрлі интерактивті жаттығулардан, онлайн дәрістер мен практикалық сабақтардан, тест тапсырмаларынан, әкімгермен кері байланыс құрылғысынан, оқу курстарының материалдары бойынша сөздіктерден, дыбыстық айтылым мен онлайн диктанттан тұрады.

Аудан тұрғындарын аталмыш жүйедегі практикалық жаттығулар орындап, үш деңгей бойынша сертификатқа ие болуға шақырамыз.

Аталмыш жүйеге www.elatyn.kz сілтеме бойынша өтуге болады.

Данагүл ҒАЙНУЛЛИНА,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің

бас маманы