20.03.2019, 17:06
Қараулар: 880
«ЕЛБАСЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ӨНЕГЕ АЛАР, ҮЛГІ ТҰТАР АДАМ»

«ЕЛБАСЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ӨНЕГЕ АЛАР, ҮЛГІ ТҰТАР АДАМ»

«Нарын жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар ЖОЛАМАНОВ:

– Ел басқару оңай емес.  Қиын-қыстау кезде қазақ халқының үмітін арқалап, президент болу үлкен жауапкершілік. Бұл артылған сенім толығымен ақталды деген ойдамын. Елбасымыз отыз жыл ел басқарып, қиын-қыстау кезеңнен үлкен жетістікпен алып шықты. Шекараны нықтап, алты құрлыққа мақтанышпен көрсететін Астананы аяққа тұрғызды. Осы Астанада қырғи-қабақ елдерді бітімге шақырып, сауапты істер атқарылды.  Елде ұлтаралық тұтастықты ұстап тұрды.  Жастарды әрдайым қолдап, олардың сапалы білім алып, өздерінің білім-зейінінің арқасында шетел асуларына мүмкіндік берді.  «Болашақ», Жастар тәжірибесі,  «Дипломмен ауылға»  секілді бағдарламалар осы сөзіме дәлел болады. Биылғы жылды жастар жылы деп жариялап, жастарға түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылды. Бұл да осы сөзімізге дәйек.

Елбасы – жеке тұлға ретінде өнеге алар, үлгі тұтар адам. Нұрсұлтан Назарбаевтың    еңбекқорлығы,  жан-жақтылығы,  жауапкершілігі қатты таң қалдырады. Қарапайым металлург болып бастап, президенттікке дейінгі еңбек жолы қай адамды болмасын таң қалдырары анық. Елбасы жан-жақты адам, музыкадан да, спорттан да хабары бар. Сәті келсе, домбыра шертіп ән айтып,  салауатты өмір салтын ұстануы, екі тілде шешен сөйлейтіні, кез келген тақырыпта ұтымды әзіл айтатыны да екінің біріне берілмейтін қасиет. Елбасымыз аман болсын, өмір жасы ұзақ болсын.