20.03.2019, 16:49
Қараулар: 756
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың 15 наурыз 2019 жылғы № 21-Ө өкімімен Б.Н.Меңешов Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов сессия отырысында мекеме басшылары,  ауылдық округ әкімдеріне аудан әкімі орынбасарлығына тағайындалған Біржан Меңешовтің кандидатурасымен таныстырды.

– Аудан әкімінің орынбасарлығы жауапкершілігі үлкен лауазым. Десе де бұл қызмет осы топырақтың тумасы болғандықтан екі есе жауапкершілікті болмақ.   «Туған жеріңе туыңды тік» деген жақсы сөз бар. Туған жеріңе аянбай қызмет етіп, азаматтық, перзенттік парызыңды мүлтіксіз орындайды деп сенемін. Алдағы бірлескен ісімізге сәттілік тілеймін,-деді аудан басшысы.

Біржан Меңешов өз кезегінде сенім артып, жауапкершілігі мол қызмет тізгінін ұсынғаны үшін алғысын айтып, сенім биігінен көрінуге тырысатынын жеткізді.

Осы уақытқа дейін орынбасар қызметін атқарған Рүстем Зұлқашев  қызмет бабымен Қазталов ауданына дәл осы лауазыммен ауысқан еді.