14.03.2019, 10:57
Қараулар: 944
Бұрынғының бұрымдысы

Бұрынғының бұрымдысы

“Бұрымды ару” байқауын жариялаған күннен редакциямызға хабарласып, қатынасуға ниет білдірген қыз-келіншектер қатары көбейді.

Әсіресе, сайыстың маңыздылығын ерекше бағалап қана қоймай өздері де қатысуды жөн көрген қазыналы әжелерімізге деген алғысымыз зор.  Сайқындық кейуана, “Алтын алқа” иегері Жұмағаным Қалакушева газетіміздің тұрақты оқырманы ретінде бастамызға қолдау білдіргенім болсын деп суретін жолдаған екен.  Әжейдің шашының ұзындығы – 98 см.  Бұрынғының бұрымдысы  соңғы рет шашын 4-сыныпта оқып жүргенінде ұшын ғана қысқартыпты.  “Қазіргі таңда шаштың күтіміне арналған сусабын, жақпа майлар секілді дүниелер көп қой.  Біздің кезімізде кәдімгі кір сабынмен жуатынбыз.  Шаштарымызды ұйыстырмай, жұмсақ қылу  үшін жылқының майын жағатын едік.  Ұштану, түсу дейтін проблема атымен жоқ еді” дейді ол.  Айтуынша, бұрын шаштарының қалың болғаны соншалықты, үшке бөліп өретін, әр өрімнің қалыңдығы алақанына әрең сыятындай болыпты.