14.03.2019, 10:36
Қараулар: 610
«ОТБАСЫНАН БАСТАЛСА ҒАНА ҰЛТ МЕРЕКЕСІНЕ ҰЛАСАДЫ»

«ОТБАСЫНАН БАСТАЛСА ҒАНА ҰЛТ МЕРЕКЕСІНЕ ҰЛАСАДЫ»

Балжан ӘЛІПҚАЛИЕВА, жас ана:

Ұлыстың Ұлы күні әлі де болса, жастар санасына сіңісті емес сияқты. Аға буын Кеңес кезінде тойламап едік дейді. Осы үзіліс Ұлыстың Ұлы күнінің өз деңгейінде, кең құлашпен тойлануына кедергі келтіріп тұрған сияқты. Мереке балалардікі болуы керек. Аяз атаға сенгендей Қызыр атаға сенсе, ата-аналары шырша түбіне сыйлық қойғандай, Ұлыстың ұлы күнінде де тосынсый ұйымдастырса, қандай жақсы. Президенттік шырша сияқты наурызкөже деп пе республикалық, облыстық маңызды шара ұйымдастырса, жақсы болар еді. Негізі президенттік шыршаға балама ретінде шара өткізу туралы ұсыныс басылым беттерінде айтылып жүр. Бірақ, қолдау жоқ. Мереке отбасынан, отбасылық тәрбиеден бастау алса ғана, ұлттың мерекесіне айналады деп ойлаймын.