14.03.2019, 9:49
Қараулар: 1028
АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ АЙБОЗДАРЫ

АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ АЙБОЗДАРЫ

«Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің кезекті байқауы өтті. Дәстүрлі байқау бұл жолы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өрбіді.  «Жас суретші», «Жас шебер», «Жас ақын», «Жас талант» және «Жас аспаз», «Жас дизайнер» бағыттары бойынша өткен фестивальге сегіз мектептен 43 оқушы қатысып өз шеберліктерін көрсетті.

Әр аталымдар бойынша сынақтар жеке кабинеттерде өтіп, балалардың туындылары тиянақты талқыланды. Әсіресе, «Жас суретшілер» кабинетінде тылсым табиғатты, қазақ елінің кең байтақ даласын бейнелеген көркемсуреттер жас қылқалам шеберлерінің өнеріне тәнті етті. Шын  шеберлердің қолынан шыққан туындылар өзіндік өрнек, әдісімен ерекшеленді. Әр бағыт бойынша  үздіктер анықталды.

Жарыс қорытындысында «Жас суретші» аталымы бойынша І орынды Оралхан Темірхан (М.Мәметова атындағы орта мектеп), «Жас шебер» аталымы бойынша І орынды Альбина Нариманова (Қ.Сағырбаев), «Жас ақын» аталымы бойынша І орынды Нұршат Мұхамбетқалиева (М-С.Бабажанов), «Жас талант» аталымы бойынша І орынды Б.Жәнекешев атындағы орта мектеп, «Жас аспаз» аталымында І орынды Әсем Ерболатова (М.Мәметова), «Жас дизайнерде» І орынды Әсем Ғазез (М-С.Бабажанов) иеленіп, Орал қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Жалпы командалық есепте бабажановтықтардың шоқтығы биік болып, жүлделі І орынды иеленсе, Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп ІІ орынды қанжығасына байлап, М.Мәметова атындағы орта мектеп ІІІ орынды місе тұтты.

Фестивальге қатысушылар аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

 Нұржан САРИЕВ,

 лагерь меңгерушісі.

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар